Құрметті ата-аналар!
“№2 Ертіс ЖОББМ” КММ 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап бірінші сыныпқа келетін оқушылардың құжаттарын қабылдауды бастайды.
Мектеп 1 - сыныпқа 6-7 жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6-ға толатын балаларды қабылдайды.
Құжат қабылдау мерзімі 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.
Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі төмендегідей:
✅ Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
✅ Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
✅ «Бала денсаулығы паспорты» 052-2у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✅ 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✅ 3х4 көлеміндегі 2 фото.
Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады. Құжаттар egov.kz порталы арқылы қабылданады.
Мекенжайымыз: Бөгенбай батыр көшесі 51А
Байланыс телефоны: 87770684549, 87711983828